Архив доступен 0 сообщений С – года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Mehr: Иран мен АҚШ арасындағы қақтығысты реттеу туралы меморандум 14 тармақтан тұрады...

Иран мен АҚШ арасындағы қақтығысты реттеу туралы меморандум 14 тармақтан тұрады.

Ол бойынша

Құжат барлық майдандарда әскери қимылдарды дереу тоқтатуды, теңіз блокадасын алып тастауды және 30 күн ішінде Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта бастауды, сондай-ақ Америка күштерін Иранға іргелес аймақтардан шығаруды қарастырады.

АҚШ келіссөздер жүріп жатқан уақытта жаңа санкциялар енгізбеуге және Иран мұнайын, мұнай-химия өнімдері мен оның туындыларын экспорттауға қойылған шектеулерді уақытша тоқтатуға міндеттенеді.

Сонымен қатар, 60 күн ішінде Иранның 24 миллиард долларлық активтерін бұғаттан шығару көзделіп отыр, оның жартысы қорытынды келіссөздер басталғанға дейін Тегеранға қолжетімді болуы тиіс.

Бұдан бөлек, АҚШ пен оның одақтастары Иранды қалпына келтірудің кем дегенде 300 миллиард долларлық бағдарламаларын ұсынуы керек.

Ал Мексикада алаулатып-жалаулатып ала доп аламаны басталуда…

Кім қай командаға жанкүйер болмақ?

АЛЫП КҮШ: АҚЫЛДЫ ҚАДАМ...

Әуелі, ашық желілердегі сандеректерді сүзіп отырып, тапқаным мынау: Әлемде жан саны 8,3 млрд деп есептеледі екен. Соның ересек, яғни еңбекке жарамды бөлігінің 3,6 млрд адамы жұмыскерлер деген санатқа жататындар екен. Жалпы жұмыскерлер деген жекелеген санат жоқ. Әлеуметтік-экономикалық факторларды ескеріп, есеп қылғанда соңғы саны осы. Яғни, өзінің жеке бизнесі жоқ, түрлі салаларда айлық алып күн көріп жатқан адамдар саны. Қызметтің барлық саласында жүргендер. Даяшыңыз да осында, доғдырыңыз да осында.

Ал жалпы тірі жүрген, тіршілік кешіп жүрген адамзат баласының 0, 0002%-ы ғана басшы-қосшылар екен. Бұл енді дүз пайыз солай деген қатып-сеңген сандерек дей алмаймыз. Ашық ақпараттардың жиылмасы. Бұнымен айтпағымыз - жұмысшы топ - әлемдік масщтабта алып күш саналады. Сондықтан олармен санаспай әрекет ету - харакири жасаумен бірдей...

Бұны неге жазып отыр десеңіз, ол былай: Жалпы саяси жүйе мен демократиялық қоғамда "адам құқығы" мәселесі әруақытта өзекті. Қоғамдағы адам құқығын қорғау жүйесінің мақсаты – қоғамның әділеттілік принциптеріне сүйенген экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ету. Ол үшін мемлекет билігі "адамгершілікті" болып қалыптасуы керек.

Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық әлеуетін арттырып, мемлекеттің іргесін бекемдеп отырған алып күш басқа-басқа емес – қарапайым еңбек адамы. Ол – мемлекеттің негізгі драйвері, мотордың ішіндегі қайнап жатқан майы іспетті қозғаушы күші. Еңбек адамдары – бұл біз, біздің ата-анамыз, бауырларымыз бен туысқандарымыз. Демек, олардың құқығын қорғау, қадір-қасиетін ардақтау – қоғамның басты міндеті.

Өкінішке қарай, соңғы уақытта елімізде еңбек даулары жиілеп, әсіресе түрлі саяси науқандар кезінде бұл мәселе ушығып жатады. Тәжірибе көрсеткендей, даулар ұзаққа созылып, тараптар бір-бірін естігісі келмей, айтыс-тартыс пен реплика алмасудан арыға бара алмай жатады. Ал еңбек дауларын ушықтырмай, екі жақтың да мүддесін ескеретін диалог мәдениетін қалыптастыру – бұл уақыт талабы.

Осы орайда, жуырда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің ісін мысалсөз қылайын: Әлеуметтік желілерде аталған кәсіпорында кезекті даудың шеті шыққан. Соны Руслан мырза "Оңтүстік Жезқазған" кенішіндегі еңбек ұжымымен өзі барып кездесіп, әп-әдемі, жып-жинақы түйіндеп қайтыпты. "Әр адам өз балшығының иленгеніне қарай" дегендей, Руслан Өскенәлі мырза тікелей кенішке барып, жұмысшылардың мұң-мұқтажын жеке тыңдапты.

Кездесуде материалдық-техникалық базаны жаңғырту, тау-кен техникасы мен жабдықтардың тозуы, еңбек жағдайлары, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелері көтерілген екен. Қызметкерлер басшыны көріп, бар базынасын бүкпесіз айтқан. Айтылған уәждерге құлақ түрген Руслан Өскенәлі қызметтік тергеу жүргізу кезеңінде көптеген олқылықтарға жол берген Басқарма төрағасының орынбасарын қызметтен алғанын айтқан. Сонымен қатар, басшылық бұл түйткілдердің көп жылдар бойы жинақталғанын және оларды жүйелі түрде шешу қажеттігін айтқан.

Қазіргі таңда компания меншік иесінің қолдауымен өндірістік активтерді жаңғырту, қауіпсіздікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр екен. Оған қоса, Руслан Өскенәлі кеніштегі мәселелер толық зерттелгенге дейін жұмысын сол жерде жалғастыратынын және барлық ұсынысты жеке бақылауына алғанын айтқан.

"Сонымен қатар, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын дамытуға бағытталған 32 млрд теңгелік әлеуметтік бағдарлама, геологобарлау жұмыстарын 5 млн доллардан 40 млн долларға дейін арттыру, Жезқазған мыс балқыту зауытында сернокислоталық цех салу сияқты ірі жобалар қолға алынған. Еңбек ақыны арттыру мәселесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен ұжымның ұзақ мерзімді мүдделері ескеріле отырып шешіледі. Қазіргі таңда кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - дейді ресми ақпарат.

Бұрындары естуші ек, көруші ек – еңбек дауларында ескі-құсқы басшылықты жұмыскерлер ит салып, іздеп барып, ақысын даулайтын. Ал жаңа басшылар бұл жолы өздері аяқпен келіп, құлақпен тыңдап жатыр екен. Мұндайды алғаш көрген жұмыскерлер де риза боп, алақан соғып жатыр видеода. Өте дұрыс қадам.

Ресейде енді Талибанды тілдеу - қылмыс!

5 маусымда Дондағы Ростовтың Октябрь аудандық соты "өшпенділікті қоздыру" бабы бойынша 19 жастағы Егор А. деген азаматқа айыптау үкімін шығарыпты. Сөйтсе ол "ВКонтакте" желісіндегі топтардың бірінде жарияланған "Талибан Ресейді анарға, мейізге, кілемге және мақтаға қарық қылады" деген жаңалықтың астына пікір жазып, бүйдепті: "..й им в России делать, ... пещерные", - депті.

Бұл да оңған адамның сөзі емес, әрине. Десе де, Ресей соты "бұл мәлімдеме "Ресей мен Ауғанстан халықтары арасындағы араздықты" қоздырады" деп тауып, оған 10 мың рубль айыппұл салыпты.

Анықтама: Ресей 2021 жылы Талибан билікке келгеннен кейін, олардың Ауғанстандағы билігін ресми түрде мойындаған әлемдегі алғашқы ел болды. Сондай-ақ, өткен жылдың көктемінде Ресей соты бұл ұйымды "террористтік ұйымдар" тізімінен шығарған.

Түркия Иран мен АҚШ-ты келіссөз үстеліне оралуға шақырды!

«Біз Иран мен АҚШ-ты өзара соққыларды тоқтатып, келіссөз үстеліне қайта оралуға және аяқталуға жақын қалған келісім мәтінін соңына дейін жеткізуге шақырамыз. Біздің күш-жігеріміз осы бағытқа арналған. Бұл қаншалықты қиын болса да, келіссөздер соңғы нүктесіне дейін жеткізілуі тиіс», — деп мәлімдеді Түркия СІМ басшысы Фидан.

Трамп: Осы түнде Иранды аямаймыз!

— АҚШ осы түнде Иранға өте қуатты соққы жасайды. Оның әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері, радарлары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және барлық басқа қорғаныс құралдары, сондай-ақ шабуыл жасау әлеуетінің көп бөлігі қазірдің өзінде жойылған!

Жақында біз Харк аралын және басқа да мұнай инфрақұрылымы нысандарын басып алып, Иранның мұнай және газ нарығына толық бақылау орнатамыз. Венесуэлаға дәл осылай жасадық. Қазір онымыз АҚШ үшін тамаша нәтиже беріп отыр, — деп жазды Трамп.

Ташиевтің соты ашық өтеді...

Қырғызстанның ҰМҚҚ бұрынғы бастығының қорғаушылары бүгін сотта осындай талап-арыз айтқан. Сот бұл талапты қанағаттандырған.

Енді Қамшыбек Ташиевтің соты ашық режимде өтеді. Оған БАҚ өкілдері де қатыстырылады. Келесі сот отырысы 15 маусымға белгіленген.

16,5 мыңнан астам қазақстандық амнистияға ілігеді...

Сенат «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы» заңды мақұлдады. Құжатты Парламент депутаттары бастамашылық етіп, Президенттің тапсырмасы бойынша әзірледі.

Алдын ала болжам бойынша, қылмыстық амнистияға 16,5 мыңнан астам адам ілігеді — бұл шамамен 15 мың сотталушы және 1,5 мың тергеудегі тұлға. 4 мыңнан астам қазақстандық қылмыстық жауаптылық пен жазадан толық босатылса, 10 мыңнан астамының жаза мерзімі қысқартылады.

МАРГОНЫҢ КӨЗІНІҢ СОРАСЫ АҚТЫ...

Қазір солтүстіктегі соғысқұмар елдің әскери билігінде (саяси деуге аузым бармайды) мықты бір армия бар. Кремльдегі ергежей бойлы "көсемнің" есірігінің жолында өмірлерін қиып беріп, сүйегі сұраусыз, ит пен құсқа жем болып жатқан майдандағы миллиондардан бөлек, аз санды тап осы армия

Ресей армиясының ішіндегі ең күшті жұмыс жасап жатқандары. Қожайыны қалай бұрылса, соның аяғы болып, солай жүруге дайын тұратын, "айтақ" десе, бара сап бас салатын нап-нағыз - итаршылар.

Сондайлардың бірі - Маргарита Симонян. Бұрындары дәурені жүріп тұрғанда, күн-түн демей қожайынын қорғап үріп тұрғанда, өзге түгілі Кремльдегі галстук таққан жейде сыймас жуанқарын мұжықтар мен каблук киген керсенқұйрық келіншектердің өзі сөзіне құлақ түріп тұрғанда, Маргоша жалғанды жалпағынан басқан. Ресейдің ақпараттық кеңістігінде біраз дүниеге ие болды. Әлемге әжуа болған әйгілі "Киевтің үш күнде аламыз" деген сөзді де осы Маргоша айтқан, бірінші болып. Қойшы, содан бері неше күз, неше көктем өтті?..

Қазақ: "Жыланды үш кессең де, кесірткелік әлі бар" дейтіндей, Маргоша күні-түні бір тынбай, Кремльдің айтағында жүргенде, әлемге жексұрын атанды. Санкцияны дөгелеп арқалады. Өзге түгілі армян жұрты бұны елге кіргізбейтін сүйкімсіздердің санына қосты. Байы бүк түсіп, біраз жатты да ақыры өлді. Бұ байқұс сол байының күлін әлі жерлеген жоқ, түнде төсегінің басына қойып жататынын өзі айтқан. Сөйтіп жүргенде өзі де аты жаман ауруға шалдықты. Бұрын да қыз біткеннің сүйкімдісі емес еді, қазір тіпті реңі кеткен. Ауруы алып барады (рас болса).

Бірақ, сөйлеуден жағы талған жоқ. "Өле-өлгенше саптамын", - деп келеді. Сол жанқиярлығы үшін аяусыз марапатталып келеді. Әрідегісін айтпағанда, Украинаға қарсы басқыншылық басталған 2014-тен берісін қараңыздар

"Қырымдағы жағдайды насихаттаудағы обьективтілігі үшін" - "Отан алдындағы еңбегі үшін" ордені (2014)

"Ақпараттық насихаттары үшін" - "Александр Невский" ордені (2019)

"Ақпараттық насихаттары үшін" - "Құрмет" ордені (2022)

"Ақпараттық насихаттары үшін" - "Отан алдындағы еңбегі үшін" ордені (2024)

"Ақпараттық насихаттары үшін" - "Әулие Ольга" ордені (2025)

Бұл сондай адам. Сол Маргоша бүйдепті, кешелі-бүгіндері

"ҰҚШҰ (ОДКБ) елдері Ресейге жанармай мәселесінде ақысыз, қайтарымсыз жәрдемдесуге міндетті. Біз олардың "Қауіпсіздігіне кепілміз". Ал олар бізге не беріп жатыр? Біздің кепілдігіміздің құнын жанармаймен төлесін. Ресей "арнайы операция" жүргізіп жатыр. Сөйте тұра, әлі күнге дейін ҰҚШҰ-ны соғысқа тікелей тартқан жоқ. Ал біздің ҰҚШҰ келісімдерімізде "көмекке келу туралы" анық жазылған", - депті.

Бұл енді жай ғана арандату емес, нағыз арсыздың сөзі ғой. Рас па екен, деп әрі-бері іздеп көрдім. Түпнұсқасын таппадым. Тик-Токта бір минуттық қи ындысы ғана жүр екен. Қазір ЖИ дәген қиын ғой, бәлкім әлде біреулер бұны келемеж еткісі келді ме, жоқ әлде үшінші біреулер арандату үшін жасады ма, бәлкім бұл айтарын айтып алып, артынан жуып-тазалап жоқ қылды ма, бұ жағы белгісіз...

Белгілісі біреу. Ол - Украинаның от тұмсұқты темір құстары (дрондары) Ресейдің МӨЗ-деріне қырғидай тиіп, жол бойы жанармай тиелген жүк көліктерін баудай түсіріп жатыр.

Салдары әл-әзірден сезіле бастаған. Аннекцияланған Қырымда жағдай ең қиыны. Ол жақта бензинді талонмен ғана беріп жатыр.

Оккупациядағы Луганскі мен Донецкі облыстары да жетісіп жатқан жоқ. Бұл жақтар да жанармайды шектік мөлшермен ғана саудалауда.

Мәскеу мен Мәскеу маңы да жанармай саудасын бақылауға ала бастаған. Петербор мен Ленинградта да жағдай күрделене түскен.

Ресейдің солтүстігіндегі Карелия, Мурманскі мен Новгород облыстары да жанармай жетіспеушілігі туралы айта бастаған.

Ұзын-саны, мұндай шектеулер Ресейдің 20 өңірінде байқалуда. Кей өңірлер әр көлікке 20 литрден 60 литерге дейін ғана саудалап жатыр. Бұл дағдарыстың басты себептерінің бірі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған соққылар.

Bloomberg мәліметінше, 2026 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында Ресейдің МӨЗ-деріне 38 рет дөп соққы жасалған екен, соның 16-сы өткен мамыр айында жасалған. Бұл соғыс басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш.

SW Research жүргізген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 51,9%-ы соңғы оқиғалардан кейін Украина мен украиндарға деген көзқарасының нашарлағанын айтқан. Әсіресе бұл пікір 24 жасқа дейінгі жастар арасында жиі кездескен. Сарапшылар мұны Польшада Волынь оқиғалары мен УПА тақырыбының қоғамдық кеңістікте және әлеуметтік желілерде жиі талқылануымен байланыстырады.

Украина мен Латвия Drone Deal келісіміне қол қойды.

Армениядағы сайлау қарсаңында Ереван әуежайында адам қарасы көбейгені байқалды.

Макс Корждың Стамбұлдағы концертінде ресейлік жанкүйерлердің «Россия! Россия!» деп ұрандатқан видеолары тарады.

Запорожье облысында қоғамдық көлік аялдамасына соққы жасалды.

Чернобыль аймағындағы пайдаланылған ядролық отынға қатысты нысандардың біріне дрон соққы жасаған. Соның салдарынан контейнерлер қабылданатын ғимарат зақымданып, өрт шыққан.

Украиналық депутат Алексей Гончаренконың мәлімдеуінше, Роман Абрамович мамыр айында Киевке барып, Владимир Зеленскиймен кездескен. Кейін ол алынған ақпаратты Владимир Путинге жеткізген болуы мүмкін.

Африка Еуропаға газ экспортын ұлғайтуды көздеп отыр.

Абрамовичтің Киевке барғаны туралы ақпарат тарады.

Кремль АҚШ-тың жаңа санкцияларына қатысты өз түсіндірмесін ұсынды.

Қырым бағытындағы әскери тасымалдарға қысым күшейіп келеді.